
Бүгін мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл өзгерістер жергілікті қағидаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін қажет.
Атап айтқанда, жекелеген тұжырымдар нақтыланып, ақпараттық жүйенің атауы өзектендірілді. «Кондоминиум объектілері және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау» деген тұжырымның орнына «ағымдағы және жинақтау жарналары» ұғымы қолданылатын болады. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» атауы «Цифрлық үкімет» атауына болып өзгертілді.
2026 жылы тұрғын үй көмегін көрсету үшін жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған. Қаржыландыру бекітілген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, депутаттар ККО құрамына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/press/news/details/1297458?lang=ru

Жауап қалдыру