«Өрт сөндіруші-құтқарушы» бос лауазымдарының 9 бірлігіне конкурс жарияланады.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қостанай облысы ТЖД-да өрттерге қатысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азаматтық қорғау органдарының анықтау бөлімшелері мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылы мәселелері бойынша семинар-сабақ өткізілді.

Іс-шараға Қостанай облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы мен жедел-криминалистикалық бөлімшесінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, тергеу-жедел топтарын құру және олардың жұмысы, тергелу ретінің аражігін ажырату, сондай-ақ оқиға орнындағы жағдай мен іздердің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Өрт орындарына шығу кезінде ақпаратпен жедел алмасу және іс-қимылдарды үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша бөлімшелер арасындағы одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1297968?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді