Павлодар облысының 2026 жылғы қаңтар – тамыз ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 2  925,0 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 107,6%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 195,7 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,6%.

соның ішінде: мал шаруашылығы – 142,3  млрд. теңге (НКИ – 101,4%), өсімдік шаруашылығы – 51,4  млрд. теңге (НКИ – 109,9%),

57,8  мың тонна (104,6%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 148,4  мың тонна (96,7%) – сүт, 118,3 млн. дана (105,8%) – жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 301,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 141,4%.

Барлық көздер есебінен 215,0 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,3%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 766.3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,5%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 46,6 млрд. теңге  (6,1%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 632,0  млрд. теңге (82,5%), банк кредиттері – 20,2 млрд. теңге (2,6%), басқа қарыз қаражаты – 67,4 млрд. теңге (8,8%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында қолданыстағы субъектілер саны 54,3 мың бірлікті немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 94,6%-ды құрады.

2026 жылғы 1 сәуірге  ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 413,1 млрд. теңгені (85,7%), жұмыспен қамтылғандар саны – 126,5 мың адам. (91,5%) құрады.

Сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-шілде ішінде (ЕАЭО-ны қоса алғанда 3 328,8  млн. АҚШ долларын немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,1% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 2 584,3 млн. АҚШ доллары (ұлғаюы -19,9%), импорт – 744,5  млн. АҚШ доллары (төмендеуі 12,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң  – 1 839,8  млн. АҚШ доллары.

2026 жылғы қаңтар-тамыз ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 48,6 млн. тоннаны (97,8%), жүк тасымалы айналымы – 19,3 млрд. тонна шақырымды (88,3%), жолаушы айналымы 3,6%-ға азайды.

2026 жылғы қаңтар-тамыз ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 13 290,7 млн. теңгені құрады (2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде 95,7%).

2026 жылғы шілдеде тұтыну бағасының индексі 2025 жылғы желтоқсанға қарағанда 104,9%, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 104,3%, азық-түлік емес тауарларға – 105,7%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 104,8%.

2025 жылғы қаңтар-шілде  ішінде мемлекеттік бюджетке 715,8 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 57,5% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 386,4 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 62,7%), жергілікті бюджетке 329,4 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 52,3) түсті.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2026 жылғы 2-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 4,8%.

2026 жылғы қаңтар-маусым ішінде орташа айлық номиналды жалақы 449,5 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 10,8%-ға жоғары.

Әлеуметтік салаға 359,1 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 49,6%), соның ішінде білім беруге – 240,4 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 19,8 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85,0%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін – 100%-ды құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-econom/press/news/details/1297970?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді