
Қазақстанда әйелдер денсаулығы туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған онкүндік өтіп жатыр. 26 қыркүйекте еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында бірыңғай ашық есік күні ұйымдастырылады.
Қарағанды облысының тұрғындары да медициналық көмек пен мамандардың кеңесін тегін ала алады.
Қарағанды қаласында онкологтар әйелдерді №3 көпбейінді ауруханада, Аманжолов көшесі, 189 мекенжайында қабылдайды.
Қабылдау уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Бұл күні әйелдер:
— онкологтың кеңесін ала алады;
— алғашқы медициналық тексеруден өте алады;
— онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстар алады;
— көрсетілімдер болған жағдайда қажетті тексеруден өте алады.
Жасы мен қай жерде тіркелгені маңызды емес. Өзімен бірге жеке куәлігін алып келуі қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1297326?lang=ru

Жауап қалдыру