Қарағанды облысының архивтерінде «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күні өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бағынысты Қарағанды облысының қала- аудандарындағы 15 мемлекеттік архивтерінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күндері өткізілді.

Аталған іс-шара 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылды.

Ашық есік күндерін өткізудің негізгі мақсаты – архив ісінің қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау, Ұлттық архив қорының құжаттарын көпшілікке таныстыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау құндылығын дәріптеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында келушілер архив мекемелерінің қызметімен танысып, архивтік құжаттарды қабылдау, есепке алу, сақтау, пайдалану және цифрландыру бағыттары бойынша ақпарат алды. Сонымен қатар архив қорларында сақталған тарихи маңызы бар құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар және басқа да құнды материалдар көпшілік назарына ұсынылды.

Ашық есік күні аясында архив қызметкерлері келушілерге құжаттардың сақталу жағдайы мен оларды пайдаланудың тәртібі туралы түсіндіріп, архивтік деректердің ғылыми-зерттеу және тарихи-танымдық маңызына тоқталды.

Іс-шараға оқушылар, студенттер, өлкетанушылар, зерттеушілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және архив саласына қызығушылық танытқан тұрғындар қатысты.

Келушілерге архив құжаттарының ел тарихын зерделеудегі маңызы, туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қатысты тарихи деректерді сақтау мен келер ұрпаққа жеткізудің қажеттілігі туралы кеңінен мәлімет берілді.

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясындағы ашық есік күні архив мекемелерінің қоғаммен байланысын нығайтып, тарихи құжаттарды кеңінен насихаттауға және архив саласының қызметін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік берді.

Архив – халықтың тарихи жады. Тарихи құжаттарды сақтау – өткенді құрметтеу ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-madeniet/press/news/details/1297375?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді