Қауіпсіздік – бала кезден қалыптасатын дағды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бәйтерек ауданының қызметкерлері Переметное орта мектебінің
1-4 сынып оқушыларына қауіпсіздік бойынша танымдық сабақ өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға өрт сөндіру техникасы таныстырылып, оның атқаратын қызметі мен өрт кезінде қолданылу тәртібі түсіндірілді. Балаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сіріңке мен электр құралдарымен ойнамау, өрт болған жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, оқушыларға өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі туралы ақпарат беріліп, арнайы техниканың жабдықтары көрсетілді.

Балалар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қауіпсіздік ережелері бойынша пайдалы мәліметтер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1297833?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді