Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Департамент мамандары «JSM DEMEU» 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға және қарт адамдарға арналған оңалту орталығында профилактикалық бақылау іс-шараларын жүргізді.

     Бақылау шараларының басты мақсаты — арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Сапар аясында Департамент өкілдері орталықтың тыныс-тіршілігімен, материалдық-техникалық базасымен және қызмет алушыларға жасалған жағдайлармен мұқият танысты.

     Шара барысында мекемеде емделуші және күтімдегі азаматтармен тікелей кездесулер өткізіліп, олардың пікірлері мен ұсыныс-шағымдары тыңдалды. Қызмет алушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен өтініштер жан-жақты қаралып, заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша, арнаулы әлеуметтік көмектер мен қызметтерді ұсыну сапасын одан әрі жетілдіру, орталық жұмысын заңнамалық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында мекеме басшылығына тиісті нұсқамалар мен ұсыныстар енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1297342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді