
2026 жылғы 14 қыркүйекте заңгер Воловик А.А.-ның қатысуымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы негізгі өзгерістер және оларды қолдану тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы негізгі өзгерістер, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, жеке мүдделерді декларациялау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау, антикоррупциялық комплаенс және жауапкершілік мәселелері қаралды.
Семинардың мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу.
Іс-шараға Департамент қызметкерлері және өңірлік инспекциялардың мамандары қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1297911?lang=ru

Жауап қалдыру