Қоғамдық Кеңес отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қоғамдық Кеңес отырысы өтті

 

2026 жылдың 22 қыркүйек айында, сағат 15:00-де Жарма ауданы әкімдігі ғимаратының Кіші залында, Жарма аудандық мәслихат төрағасы М.Оспанбаевтың қатысуымен Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында: «Шар қаласы, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің 2025 жылғы төртінші деңгейлі бюджет қаражатының игерілуі мен бағыты туралы, абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, тұрғын үйлердің қасбеттерінің сыртқы безендірілуі туралы» ауданның аумақтық бірлік әкімдерінің  баяндамасы тыңдалды.

.Жарма ауданының білім бөлімінің басшысы – Д.Т. Ағзамовтың «Мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы» баяндамасы тыңдалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша  Департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету  басқармасының бас маманы  Маржан Бериковнаның – «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Абай облысы бойынша  департаментінің  2026 жылы 1 жартыжылдығының  қорытындысы туралы» баяндамасы Zoom  платформасы арқылы  тыңдалды.

Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау барысында Кеңес мүшелерімен көтерілген мәселелер жөнінде мекеме басшыларына ескертулер мен ұсыныстар ұсынылды. Ауданның елді мекендеріндегі өзекті мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zharma-maslihat/press/news/details/1297962?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді