Қорғалжын ауданының прокуратурасы 9-11 сынып оқушылары және педагогтармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан прокуратурасымен Арықты ауылының жалпы орта беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Прокурора сағаты» аясында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң нормаларын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Іс шараға полиция бөлімі өкілдері, психологтар, ұстаздар қатысты.

Кездесу барысында буллингке және кибербулингке жол бермеу, кәмелетке толмағандардың өз өзіне қол жұмсамау профилактикасы, жол қозғалысы ережелерін сақтау, олармен жасалатын әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері, оның салдары және тәрбиелік маңыздылығы тұрғысынан түсіндірілді, сондай-ақ оқушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді. 

Сонымен қатар, осы мектептің еңбек ұжымына еңбек дауларына қатысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 08.06.2026 жылғы №81-НҚ және 09.06.2026 жылғы №84-НҚ нормативтік қаулылары түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстары аудан прокуратурасымен «Прокуратура туралы» ҚР Конститциялық Заңының 41-бабы негізінде жүргізілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1297210?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді