Сәтсіз әзіл жолаушыны 5 тәулікке қамауға алуға әкелді – Көліктегі ПД

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент қаласының әуежайында орын алған. Шымкент – Астана бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде мас күйінде болған ер адам өзінің жүгінде «жарылғыш құрылғы» бар екенін айтқан.

Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны рейстен дереу түсіріп, көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды.

Көлік полицейлері жүргізген тексеру барысында айтылған ақпарат расталмады, ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ.

Тексеру нәтижесінде ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

 

Көліктегі ПД ескертеді: әуежайларда және көлік инфрақұрылымы нысандарында жарылғыш құрылғылар немесе өзге де қауіп-қатерлер туралы әзіл айтуға болмайды. Адам қандай да бір зиян келтіруді көздемей, мұндай сөздерді «әзіл ретінде» айтқан күннің өзінде де, қауіпсіздікке қатысты кез келген мәлімдеме белгіленген тәртіппен тексеріліп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1297694?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді