
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ерлер арасындағы 500 метрлік каноэде ескек есу (екілік) сайысының финалында қазақстандық экипаж үшінші болып мәреге жетіп, қола медаль иеленді.
Айта кетейік, осыдан бірнеше минут бұрын қазақстандық ескекшілер алтын және күміс медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы қысқа уақыт ішінде есу спортынан бірден үш жүлдеге қол жеткізді.
Бұл нәтижелердің маңызын арттыра түсетін тағы бір жайт – бұған дейінгі жазғы Азия ойындарында Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есу дисциплиналарында бірде-бір медаль иеленбеген еді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1297764?lang=ru

Жауап қалдыру