
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
🔷 Шымкентте «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық бастамасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған World Cleanup Day халықаралық акциясы өтті.
🔷 Жалпы қалалық сенбілікке 43 мыңнан астам тұрғын қатысып, жастар, еріктілер, коммуналдық сала қызметкерлері және қала тұрғындары белсенді атсалысты. 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
🔷 Акцияның негізгі алаңдарының бірі А.Аскаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы болды. Мұнда тазалау жұмысына қала әкімі, 3000-нан астам жас пен еріктілер, сондай-ақ, коммуналдық сала қызметкерлері қатысты.
🔷 Табиғи ортаны сақтау және қоршаған ортаны байытуға да ерекше көңіл бөлінді. Қала әкімі акцияға қатысушылармен бірге дендрологиялық саябаққа 10 тиін мен 25 қырғауылды жіберіп, су айдынына 150 келі балық жіберілді.
🔷 Акцияға қатысушылар аумақты санитарлық тазалаудан өткізіп, тұрмыстық қалдықты жинады, ағаштарды санитарлық тұрғыда бұтап, басқа да абаттандыру жұмысын атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-tabigi-resurstar/press/news/details/1297855?lang=ru

Жауап қалдыру