Тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Арал қаласының әкімі Жанаев Ренат Қуанғанұлының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі 194-ө/жқ санды өкімімен Нақылов Ержан Нақылұлы Арал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Нақылов Ержан Нақылұлы 1988 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.

2010 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін «құқықтану», 2015 жылы Болашақ университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында аға сот приставы болып бастаған.

2012 – 2014 жылдар аралығында Ақтөбе облысының әділет департаментінде жетекші маман, бас маман;
2015 – 2017 жылдар аралығында жеке кәсіпкер «Ажмалипова М.» заңгер;
2017 – 2018 жылдар аралығында Арал ауданы, Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман;
2018 – 2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман;
2020 – 2021 жылдары Арал ауданы әкімінің көмекшісі;
2021 – 2023 жылдар аралығында Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың шілде айынан бастап, бүгінге дейін «Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Отбасылы, бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aral/press/news/details/1297317?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді