Тарихи қола: қарағандылық семсерлесуші Азия ойындарының жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандылық семсерші Артем Саркисян Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Ол жекелей сайыста еліміздің семсерлесу тарихындағы соңғы 32 жылдағы үздік нәтижені көрсетті.

Артем жүлделі орынға жету жолында 1/8 финалда Үндістан өкілі Гишо Нидхи Кумаресан Падманы 15:11 есебімен сенімді жеңді. Ширек финалда қазақстандық спортшы Париж-2024 Олимпиадасының командалық семсерлесу бойынша чемпионы, Оңтүстік Корея өкілі До Гёндоннан 15:14 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда қарағандылық спортшы әлемдегі ең мықты семсерлесушілердің бірі — үш дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің бес дүркін чемпионы О Сан Укпен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы 9:15 есебімен есе жіберді. Алайда ширек финалда қол жеткізген жеңісі оған тарихи қола медальді қамтамасыз етті.

Осылайша, Артем Саркисян 1994 жылдан бері Азия ойындарының саблядан жекелей сайысында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Ол отандық семсерлесу тарихына есімін жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыға тағы бір тарихи қола медальді Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, азаматтық қорғау кіші сержанты Санжар Әділов әкелді.

Санжар 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дәстүрлі стильдегі ММА жарысына қатысып, құрлықтық дода жүлдегерлерінің қатарына енді.

Бұл жүлденің маңызы ерекше. Өйткені аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Осылайша, Санжар Әділов спорттың осы түрінен Азия ойындарында медаль иеленген алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі атанды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1297384?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді