ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Г. Орынбетова мен Ш. Досаева қатысып, азаматтарға құқықтық консультациялық көмек көрсетті.

Іс-шара барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі бойынша қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша жеке сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі толық жауаптар алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1297720?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді