
1. 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері нақты қаншаға өсті? Қарапайым мысалмен түсіндірсек: егер зейнеткер бұған дейін 100 мың теңге алып жүрсе, қазір оның төлемі қанша болды?
Болжам бойынша, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 8,5%-ға артты. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыру мөлшері Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңымен бекітіледі.
2. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңге болып белгіленді. Осы сомаға базалық зейнетақы төлемі кіре ме, әлде ол бөлек есептеле ме?
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға ынтымақты зейнетақы тағайындалады. Сонымен қатар оларға базалық зейнетақы төлемі тағайындалады, оның мөлшері азаматтың еңбек өтіліне байланысты болады.
Жоғарыда көрсетілген төлемдерден бөлек, азаматқа БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер де тағайындалады.
3. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері еңбек өтіліне байланысты. Мысалы, еңбек өтілі аз және еңбек өтілі көп екі зейнеткердің жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері қаншалықты ерекшеленуі мүмкін?
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері азаматтың еңбек өтіліне байланысты тағайындалады. Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-ын, ал 2026 жылғы базалық зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 118%-ын құрайды.
4. Көпшілікке түсініксіз мәселелердің бірі — «Неліктен менің зейнетақым көршімнен немесе бұрынғы әріптесімнен аз?» деген сұрақ. Зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне ең көп әсер ететін үш-төрт негізгі фактор қандай?
Азаматтардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері бірдей болмауы мүмкін, себебі оның мөлшеріне, атап айтқанда, азаматтың жеке еңбек өтілі мен алған жалақысының мөлшері әсер етеді.
5. 2026 жылы зейнетке шығатын азаматтарға қандай талаптар қойылады? Олар алдын ала неге назар аударуы керек: еңбек өтіліне, табыс мөлшеріне әлде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарына ма?
Зейнетке шығар алдында азаматқа еңбек кітапшасын алдын ала тексеру ұсынылады. Атап айтқанда, еңбек қызметі туралы жазбалардың дұрыс әрі толық толтырылуына, ұйым мөрінің болуына, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың бар-жоғына, сондай-ақ жұмысқа қабылданған және жұмыстан босатылған күндердің сәйкестігіне назар аудару қажет.
Құжаттарды зейнетке шығуға шамамен бір жыл қалғанда тексерген жөн. Бұл анықталған сәйкессіздіктерді қажет болған жағдайда алдын ала түзетуге мүмкіндік береді.
6. Азамат өзінің еңбек өтілі туралы мәліметтерді және болжамды зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қай жерден және қалай тексере алады?
Азамат еңбек кітапшасындағы жазбалардың сәйкестігін өз бетінше тексере алады. Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жүгіне алады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-mangystau/press/news/details/1297310?lang=ru

Жауап қалдыру