Жас спортшының жеңісі – Мойынты кентінің мерейі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас спортшының жеңісі – Мойынты кентінің мерейі

Мойынты кентінің жас спортшысы Нұрбек Нұрлан тоғызқұмалақтан Ақтөбе қаласында өткен ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарына қатысып, жеңіспен оралды.

Ұлттық зияткерлік ойынымыз – тоғызқұмалақ жас ұрпақты зеректікке, сабырлылыққа, шапшаң ойлауға және стратегиялық шешім қабылдауға баулиды. Осы ұлттық спорт түрін жанына серік еткен Нұрбек Нұрлан дүбірлі додада өз шеберлігін көрсетіп, Мойынты кентінің намысын абыроймен қорғады.

Ақтөбе қаласында өткен байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен ауыл жасөспірімдері қатысып, өзара бақ сынады. Осындай тартысты додада Нұрбек Нұрлан жинақылық пен табандылық танытып, қарсыластарына лайықты ойын көрсетті. Нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрініп, туған жерге қуанышпен оралды.

Жас спортшының бұл жетістігі – оның тынымсыз еңбегі мен ізденісінің нәтижесі. Сонымен қатар спортқа баулып, бағыт-бағдар беріп жүрген жаттықтырушылары мен әрдайым қолдау көрсететін ата-анасының еңбегі де зор.

Нұрбек Нұрланның жеңісі – Мойынты кентінің ғана емес, оны қолдаған барша ауыл тұрғындарының ортақ қуанышы. Жас спортшының жетістігі ауылдағы өскелең ұрпаққа үлгі болып, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыра түсетіні сөзсіз.

Нұрбек, жеңісің құтты болсын! Алдағы жарыстарда да биіктерден көрініп, Мойынты кентінің мерейін асқақтата бер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-mointy/press/news/details/1297534?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді