«Жасыл даму» АҚ-да қалдықтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Жасыл даму» АҚ-да қалдықтардың әртүрлі түрлерін басқару саласындағы заңнаманы және реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Талқылауға Басқарма төрағасының орынбасарлары, Басқарма мүшелері Нұржан Қабдолданов пен Данияр Досымбеков, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және өзге де қатысушылар қатысты.

Кездесу барысында қатты тұрмыстық, ірі көлемді, құрылыс және медициналық қалдықтарды басқаруды реттеудің қолданыстағы тәсілдері, сондай-ақ осы салада туындайтын құқықтық және практикалық мәселелер қаралды.

Қалдықтарды басқару саласындағы реттеу тетіктерін «Жасыл даму» АҚ-ның қатысуымен жетілдіруге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау, заңнама нормаларын іс жүзінде қолдану, сондай-ақ қосымша нормативтік пысықтауды қажет ететін жекелеген ережелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды. Тараптар көтерілген мәселелерді одан әрі пысықтап, қалдықтарды басқару саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1297945?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді