Адам еңбегі – елдің болашағы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әрбір жетістіктің артында адамның еңбегі бар. Біреу зауытта жұмыс істейді, біреу құрылыста, мектепте, ауруханада, әлеуметтік салада немесе ауыл шаруашылығында еңбек етеді.

Мамандықтарымыз әртүрлі. Бірақ бәрімізге ортақ нәрсе бар. Ол – өз жұмысымызды жақсы атқарып, елге пайда келтіру.

Біздің департамент үшін еңбек – бұл ең алдымен адамға деген құрмет. Әр адам қауіпсіз жерде жұмыс істеп, өз құқықтарының қорғалғанын сезінуі керек. Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар да қажетті қолдауды уақытында алуы маңызды.

Біз күн сайын осындай мәселелермен жұмыс істейміз. Өйткені әлеуметтік көмек – жай ғана құжат немесе қызмет емес. Бұл – адамның және оның отбасының өміріне тікелей әсер ететін маңызды қолдау.

Сондықтан барша еңбек адамдарына еңбектеріңіз бағалансын, құқықтарыңыз сақталсын деп тілеймін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!

Еңбек күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1298401?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді