Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Атбасар қаласына барды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Атбасар қаласына барды. Аудандық мәдениет үйінің алдында көрме ұйымдастырылып, онда аудан тұрғындарының жетістіктері, аймақты дамытуға бағытталған жобалар мен бастамалар ұсынылды. “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушілері еңбекке баулуға және ерте жастан бастап пайдалы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жобаны көрсетті. Сондай-ақ, көрмеде оқушылардың әзірлемелері, еріктілер бастамалары, шеберлер мен қолөнершілердің жұмыстары, аудан тұрғындарының жаңа жобалары мен идеялары ұсынылды. Экспозицияның жеке бөлімі жергілікті өндірілген ауылшаруашылық өнімдеріне арналды. Көрмеге ұн, қаймақ, нан өнімдері, күнбағыс майы және жергілікті өндірушілер шығаратын басқа да өнімдер қойылды.  Аграрлық-индустриялық колледж өз өндірісіндегі бұйымдарды, соның ішінде студенттер жасаған жұмыс формасын көрсетті. “Атбасар ауданының алтын қоры” портреттік көрмесі ерекше назар аударды, онда тәжірибелі мамандармен қатар туған өлкенің дамуына өз үлесін қосып жатқан жас кадрлар ұсынылды. Аудан мұражайлары да өз экспозицияларын ұсынды. Келушілер аймақтың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін өлкетану материалдарымен, сондай-ақ белгілі жерлесіміз, жазушы Ілияс Есенберлинге арналған экспозициямен танысты. Көрмені тамашалағаннан соң кейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өңір басшысына тікелей хабарласып, сұрақтар қойып, оларды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарды айта алды. Кездесудің соңында марапаттау рәсімі өтті. Адал еңбегі, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және ауданның дамуына қосқан үлесі үшін Атбасар ауданының тұрғындары марапатталды. Жұмыс сапары- халықпен ашық диалог жүргізу, ауданның жетістіктерін көрсету және оны одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/1298271?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді