Астанада «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы №34 Барлыбек Сырттанұлы атындағы орта мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.

Бастама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.

Жаңа сынып қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полиция аға сержанты Аянқұлов Полат Күйшібайұлының есімімен аталды.

Салтанатты іс-шараға мектеп басшылығы, ұстаздар мен оқушылар, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты. Жиын барысында жасөспірімдерге полиция қызметінің маңызы, Отанға адал қызмет ету және қоғамдық тәртіпті сақтау жауапкершілігі туралы айтылды.

«Жас сақшы» сыныбы оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беруге арналған.

Ерлік – ел есінде. Батырдың өнегесі – ұрпаққа аманат.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1298115?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді