
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10,19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу жөніндегі № 6, № 11 округтік сайлау комиссиясы мүшесін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік -аумақтық бірлігі аумағында тұруы қажет. Округтік сайлау комиссияның орналасқан жері № 6-Долон ауылы, № 11-Ерназар ауылы.
Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды Бесқарағай аудандық мәслихатының сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты: А.Молдашева, тел. 9-07-07.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragaymaslikhat/press/news/details/1298195?lang=ru

Жауап қалдыру