Бизнесті бақылау және қадағалау органдары есебінің бірыңғай күніне қатысу туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірбулатқызы Таласбаева Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаевтың төрағалығымен өткен «Бизнесті бақылау және қадағалау органдары есебінің бірыңғай күнін» өткізуге қатысты.

Бұл мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары өкілдерінің кәсіпкерлермен ресми кездесуі. Іс-шараның мақсаты – бизнес қауымдастықпен ашық диалог жүргізу, әкімшілік жүктемені азайту, туындаған мәселелерді талқылау және шешу.

Кеңесте тексеру қорытындылары, бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері ұсынылды.

Департамент басшысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына лицензия беру кезіндегі ықтимал тәуекелдер туралы айтты. Республика бойынша лицензиялау рәсімі 2027 жылғы 1 қаңтардан басталады. Облыстың білім басқармасы ақпаратының және Ұлттық білім беру қорының деректері бойынша лицензияға барлығы 429 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 19 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар жатады. Ұсынымдар қабылданды және отырыс хаттамасында көрсетілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1298425?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді