Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерін тағайындауына түсіндірме жұмысы.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының 2023 жылғы
1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау, денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем қарастырылды.

ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ ЖҰМЫСТАРМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҮШІН АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДІ қарастырды.

 

Еңбек жағдайлары  зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлемді енгізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтар

1-сұрақ зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізіледі. Бұл кімге әсер етеді?

Жауап: Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізуді тапсырды.

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді  енгізу еңбек жағдайлары  зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін олар 55 жасқа толған және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі кемінде 7 жыл болған кезде көзделген.

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді төрт көзден қаржыландыру:

– 1. ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде республикалық бюджеттен;

– 2.Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан;

– 3.ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде өмірді сақтандыру компанияларынан;

– 4. ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

2-сұрақ. АӘТ алушылары зиянды жағдайларда жұмысын жалғастыра ала ма?

Жауап: Жоқ. АӘТ еңбек жағдайлары  зиянды жұмыстармен айналысатын жұмысшыларды қорғау құралдарының бірі болып табылады. Алайда, АӘТ алушы енді еңбек жағдайлары  зиянды жұмыстармен айналыса алмайды.

Алушының таңдауына мынадай әрекеттердің үш түрі бар:

1) жұмыс берушімен келісу бойынша еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды ресімдеу;

2) кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу;

3) еңбек қызметін жалғастырмау.

Осылайша, Арнаулы әлеуметтік төлемдерді жұмысшыларға 55 жаста еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысуды тоқтатуға мүмкіндік береді.

 

3-сұрақ. Құқық туындаған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын адамдарға АӘТ қалай төленеді?

Жауап: 55 жасқа толған еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын, бірақ жеті жыл ішінде Міндетті кәсіби зиянды жарнасы аударылған адамдар Арнаулы әлеуметтік төлемдерді екі көзден: республикалық бюджеттен және Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға құқылы.

4-сұрақ. Егер адам Арнаулы әлеуметтік төлемдерді екі көзден: республикалық бюджеттен және Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ала отырып,  еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, Арнаулы әлеуметтік төлемдерді оның алуға құқығы бола ма?

Жауап: егер адам еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, бұл ретте бұрын өзінің АӘТ алу құқығын іске асырса, онда төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1298232?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді