
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !
2026 жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХVIII сессиясы өтеді.
Сессия күн тәртібінде:
- Сарыөзек, Қаспан ауылдарының сәулеттік келбеттері, сыртқы жарнама, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазарту, абаттандыру, көгалдандыру және оларға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану, қоқыс тастайтын алаңдар мен мал қорымдарының жағдайлары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы
- Аудандағы «Мансап» орталығының жалпы қызметінің нәтижелері, үкімет бағдарламаларының орындалуы, аудандағы жұмыссыздықты азайту, халықты және әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 31-242 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Кербұлақ ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы
- Өзге де мәселелер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kerbulak/press/news/details/1298096?lang=ru

Жауап қалдыру