
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық адвокаттардың қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында сотталған азаматтарға жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңестер беріліп, олардың сауалдарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер ұсынылды.
Адвокаттар азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, заңда көзделген құқықтық қорғау тетіктерін түсіндіріп, туындаған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берді.
Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1298155?lang=ru

Жауап қалдыру