Өрт қауіпсіздігі айлығы: тұрғындарға ақпараттық пакеттер таратылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында өрт қауіпсіздігі айлығы аясында тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді. Профилактикалық іс-шара барысында азаматтарға өрттің алдын алуға бағытталған маңызды ескертулер мен қауіпсіздік шаралары қамтылған арнайы ақпараттық пакеттер таратылды.

Мамандар тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде сақтық танытуға, сондай-ақ балалардың отпен ойнауына жол бермеуге шақырды.

Өрт қауіпсіздігін сақтайық! Өз үйіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайық!

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1298113?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді