Өскемен қаласында Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, әр адамның еңбегінің маңыздылығын, өз ісіне деген адалдығын және түрлі сала қызметкерлерінің өңірдің дамуына қосып отырған үлесін атап өтті.
Салтанатты шара аясында өнеркәсіп пен өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ұжымдарының үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
Марапатталғандардың қатарында жерлесіміз Савиди Александр Иванович те бар. Ол – «Қазцинк» ЖШС тау-кен жұмыстарын жүргізу учаскесінің жерасты тау-кен учаскесінде жерасты жұмыстарындағы 6-разрядты шпур бұрғылаушысы.
Александр Ивановичті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және жаңа еңбек жетістіктерін тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1298161?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді