
Президентті, Құрылтайдың, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10, 19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Президентті, Құрылтайдың, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік № 259, № 267, № 269, № 272, № 277, № 280, № 283 сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік -аумақтық бірлігі аумағында тұруы қажет.
Сайлау комиссияларының орналасқан жері № 259-Бесқарағай ауылы, № 267-Бірлік ауылы, № 269-Старая Крепость ауылы, № 272-Мостик ауылы, № 277-Бозтал ауылы, № 280-Жетіжар ауылы, № 283-Ерназар ауылы.
Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды Бесқарағай аудандық мәслихатының сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты: А.Молдашева, тел. 8722369-07-07.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragaymaslikhat/press/news/details/1298181?lang=ru

Жауап қалдыру