
Қалалық мәслихат төрағасы Н. Макраев, «Әділет» партиясы Екібастуз қалалық филиалының төрағасы М. Маликова және қалалық мәслихат депутаттары А. Амургалинов, Д. Сиваракша ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен кездесу өткізді.
Қарттар күні қарсаңында халық қалаулылары ардагерлер қозғалысының белсенділерін мерекемен құттықтап, олардың көпжылдық еңбегі мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Ашық диалог барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында мәслихат төрағасы аға буынды қолдау және ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру депутаттық корпустың басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1298090?lang=ru

Жауап қалдыру