Қауіпсіздік бойынша интерактивті сабақ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейде ТЖД қызметкерлері 6–8 сынып оқушыларына өрт және жалпы қауіпсіздік бойынша интерактивті сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері, тұрмыстағы сақтық шаралары және өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдану тәртібі түсіндірілді.

Сондай-ақ сынап төгілген жағдайда, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері және дүрбелең жағдайында өзін-өзі құтқару ережелері қарастырылды.

Балалардың жарақаттануының алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында 70 жалпы білім беретін мектеп қамтылып, барлығы 12 121 оқушы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1298311?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді