
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Қарауыл бастығы» бағдарламасы бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан кіші басшы құрам қызметкерлерімен алғашқы сабақ өткізілді.
Алғашқы сабақ аясында тыңдаушылар бастапқы білім деңгейі мен кәсіби даярлығын анықтауға бағытталған кіріспе тестілеуден өтті.
Сондай-ақ қызметкерлер оқу процесін ұйымдастыру тәртібімен, қайта даярлау бағдарламасымен және алдағы сабақтардың негізгі бағыттарымен танысты.
Оқу барысында қарауыл жұмысын сауатты ұйымдастыруға және қойылған міндеттерді тиімді орындауға қажетті кәсіби білім мен практикалық дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылады.
Білікті кадрларды даярлау – ТЖД бөлімшелері жеке құрамының кәсіби деңгейін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1298067?lang=ru

Жауап қалдыру