Самарқанд, 2026 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқанд қаласында өтіп жатқан FIDE-нің 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген шахмат қауымдастығының 135 өкілімен кездесіп, Олимпиадада ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді..

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жарыс аясында Ералы Тоғжанов қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның шахмат тақтасында символдық алғашқы жүріс жасап, оған және Қазақстан құрамасына сәтті өнер көрсетіп, жаңа спорттық жетістіктерге қол жеткізуді тіледі.

Сонымен қатар Қазақстан өкілі Тимур Турловтың Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынылуын қолдау аясында Елші оның стендіне барып, әлемдік шахмат қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған бағдарламаның негізгі бастамалары мен басты бағыттарымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1298593?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді