ШҚО-дағы кинологиялық орталық жаңа төрт аяқты көмекшілермен толықты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Кинологиялық орталығына жаңа күшіктер әкелінді. Оларды іріктеу кезінде төзімділігіне, батылдығына, белсенділігіне және бейтаныс ортадан қорықпауына ерекше мән берілді.

– Төрт айға дейін кішкентай көмекшілер еркін түрде тәрбиеленіп, біртіндеп түрлі сыртқы әсерлерге бейімделеді. Көшедегі шу, әртүрлі дыбыстар, адамдар мен басқа жануарлар – мұның бәрі күшіктердің бейтаныс ортада сабыр сақтауды үйренуіне ықпал етеді. Төрт айдан кейін жас қызметтік иттер Полиция департаментінің теңгеріміне ресми түрде қабылданып, жалпы дайындықтың негізгі курсына кіріседі, – деді  ШҚО ПД өкілдері.

Негізгі командаларды меңгеріп, жалпы дайындық курсынан өткеннен кейін күшіктер арнайы дағдыларды игеруге және өздері таңдалған қызметтік бағыт бойынша дайындықтан өтуге көшеді. Атап айтқанда, олар жарылғыш заттарды анықтау, есірткі құралдарын іздеу және адамды ізі арқылы табу бағыттарында жаттығады.

Жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың арқасында төрт аяқты көмекшілер біртіндеп тәжірибе жинақтап, түрлі жағдайларда қызмет атқаруға дайындалады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1298106?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді