
Созақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 17 қаңтардағы
«Округтік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы» №163 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №163 шешіміне өзгерістер енгізіліп, ұсынылып отырған құрамы қосымшаға сәйкес сайлансын. (қосымша жалғасады).
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
Аудандық мәслихат төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының
2026 жылғы 23 қыркүйектегі
№281 шешіміне қосымша
Созақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№163 шешіміне қосымша
Округтік сайлау комиссиясының құрамы:
№4 Мыңжылқы сайлау округі бойынша
Орталығы – Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы көшесі, №5 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Мыңжылқы” мәдениет сарайы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Шекарасы: №694 Мыңжылқы сайлау учаскесінің аумағы.
Алтыбаева Алмагүл Серікбайқызы- Созақ ауданының білім бөлімінің “А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1298258?lang=ru

Жауап қалдыру