«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Н.С.Кожабекова қатысты.

Отырыс барысында өңірдегі қылмыстың алдын алу, ауыр және аса ауыр қылмыстардың өсу себептері, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицид фактілерін азайту, сондай-ақ уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарының жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысымен қылмыс деңгейі өскен аумақтардағы жағдайға талдау жүргізу, профилактикалық жұмыстарды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы шараларды жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Аталған мәселелер азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1298358?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді