Жетібай ауылында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының бастамасымен кеңінен өріс алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы орайла, бүгін Жетібай ауылында ауқымды тазалық акциясы өтіп, елді мекеннің инфрақұрылымы мен сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған кешенді шаралар ұйымдастырылды. Шара барысында ауылдың ажарын кіргізу мақсатында көше бойлары мен қоғамдық орындардағы қоршаулар, бағаналар, елді мекендегі газ желілері де талапқа сай сырланып, ғимараттардың қас келбеті әктеліп, ретке келтірілді.

Сонымен қатар, көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін ішкі автокөлік жолдары тегістеліп, ретке келтірілді. Елді мекеннің экологиялық жағдайын сақтауға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл қарқынды жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1298127?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді