
Жаңаөзен қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеу, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану және жол бойында барынша сақ болу қажеттігін түсіндірді.
Полиция қызметкерлері әсіресе жолдан өтер кезде ұялы телефонға алаңдамау, жан-жағына мұқият қарау және бағдаршам талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертті.
Сонымен қатар кездесуде қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбы да қамтылды. Оқушыларға бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына сенбеу, банк картасының деректерін, құпия сөздер мен SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеу қажеттігі айтылды.
Полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік ережелерін тек жолда ғана емес, интернет кеңістігінде де сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
«Жолда да, интернетте де қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!» – деп полиция қызметкерлері оқушыларды сақтыққа шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1298354?lang=ru

Жауап қалдыру