ЖОМС: НЕЛІКТЕН ЖҰМЫС БЕРУШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУЫ КЕРЕК?

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келуі мүмкін. Осындай жағдайларда қызметкердің әлеуметтік және мүліктік мүдделерін қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі – жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру.
 
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға тиіс.
 
Міндетті сақтандырудың негізгі мақсаты – еңбек қызметін атқару барысында қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда сақтандыру төлемдері арқылы оның мүліктік мүдделерін қорғау.
 
Сондықтан жұмыс беруші сақтандыру шартын уақтылы жасасып, оның талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл – қызметкердің құқықтарын қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
 
Қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру, өндірістік жарақаттардың алдын алу және қызметкерлердің құқықтарын сақтау – әрбір жұмыс берушінің басты міндеттерінің бірі.
 
Еңбек қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Қызметкердің өмірі мен денсаулығын қорғау – басты құндылық! орысшасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1298371?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді