🌿 «Таза Қазақстан»: Бірлік ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Бірлік ауылында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 7–8 қыркүйекте қоғамдық жұмыскерлер ауыл аумағында тазалық пен тәртіп орнату бойынша кешенді жұмыстар жүргізді.
🧹 Сауда орталығы ғимаратына іргелес аумақ ретке келтіріліп, алаң сыпырылды.
🌳 Ауыл көшелерінде бұталар кесіліп, гүлзарлар қопсытылды.
🌱 Гүлзарлар мен жасыл желектердің айналасы тазартылды.
♻️ Ұсақ қоқыс жиналып, кедергі келтіретін тастар мен бөгде заттар алынды.
Жүргізілген жұмыстар тазалық пен тәртіпті сақтауға, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы әрі күтімді орта құруға бағытталған.
Ауылымызды бірге таза, әдемі әрі жайлы етейік! 💚

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1298917?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді