
2026 жылғы 25 қыркүйек аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
2. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №397 «Алға аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
4. Алға аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 407 «Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына орай Алға ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күшін жою» туралы.
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/1299050?lang=ru

Жауап қалдыру