26 қыркүйек 2026 жылы Қызылтал ауылдық округінде өткізілген сенбілік жұмыстары.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қызылтал ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

2026 жылғы 26 қыркүйекте Қызылтал ауылдық округіне қарасты А.Назарбеков және Көкжелек ауылдарында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара «Мойынқұм ауданы елді мекендерін көктемгі көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы» №248 қаулысының талаптарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған жұмыстарға ауыл тұрғындары, тиісті мекеме қызметкерлері және Қызылтал ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Атап айтқанда, ауыл тұрғындары өз үйлерінің айналасы мен шарбақтарының бойында өскен шөптерді шауып, іргелес аумақтарды тазалады. Бурыл-байтал ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағының айналасында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қызылтал ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері Мойынқұм–Шу автомобиль жолының округ аумағынан өтетін бөлігінің бойын күл-қоқыс, полиэтилен пакеттері, пластик бөтелкелер және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, А.Назарбеков ауылының кіреберісіндегі арканың айналасында өскен арамшөптер шабылып, аумақ ретке келтірілді.

Санитарлық тазалық жұмыстары елді мекендердің көркейіп, абаттандырылуына, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-kyzyltal/press/news/details/1299230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді