Астана Tourism EXPO Japan 2026 көрмесінде алғаш рет туристік әлеуетін таныстырды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астана алғаш рет әлемдегі ең ірі Халықаралық туристік көрмелердің бірі – «Tourism EXPO Japan 2026» көрмесіне қатысуда. Іс-шара 24–27 қыркүйек аралығында Токио қаласындағы Tokyo Big Sight көрме орталығында өтуде.

Бұл Астананы қарқынды дамып жатқан іскерлік орталық, әрі MICE-туризмнің болашағы зор бағыты ретінде Жапония мен Халықаралық нарыққа таныстыруға бағытталған стратегиялық қадам.

Делегация құрамына Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ, «Air Astana» әуе компаниясының өкілдері мен Қазақстанның жетекші туроператорлары кірді. Олар көрмеде елорданың заманауи инфрақұрылымын, әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтарының мүмкіндіктерін және кез келген ауқымдағы іс-шараларды ұйымдастырудағы кәсіби әлеуетін таныстыруда.

B2B бағдарламасы аясында қазақстандық делегация халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды келіссөздер өткізді. Негізгі серіктестер қатарында The Telegraph (Tokyo Correspondent), Club Tourism International Inc., Informa Markets Japan / WHX Osaka, TIC Travel Center Co., Ltd., Innovative Space Carrier Inc., Japan National Tourism Organization (JNTO) және Visit Monaco бар.

Кездесулер барысында тараптар Астананы халықаралық деңгейде ақпараттық тұрғыдан ілгерілету, Қазақстанды жапон саяхатшыларына арналған туристік бағдарламаларға енгізу, халықаралық салалық іс-шараларды тарту, сондай-ақ туристік бағыттарды ілгерілету және туризм саласын цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Tourism EXPO Japan Халықаралық алаңына жыл сайын 80 елден 120 мыңнан астам қатысушы жиналады. Көрме іскерлік келісімдер жасауға, серіктестік байланыстар орнатуға, сондай-ақ конференциялар, іскерлік кездесулер, ынталандыру турлары мен өзге де корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы негізгі үрдістерді айқындауға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1299152?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді