
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясындағы ауқымды жалпы қалалық экологиялық акция өтіп жатыр. Қала бойынша өткен іс-шараларға 50 мыңға жуық адам, сондай-ақ 3 800-ге жуық кәсіпорын, ұйым және мекеме қатысты. Бұл жұмысқа шамамен 1 мың ПИК пен МИБ те қосылды. Тазалық және абаттандыру жұмысына 607 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс елорданың барлық ауданында жүргізілді. Акцияға қатысушылар бір күн ішінде 4 390-нан астам ауланы ретке келтіріп, 156 саябақ пен гүлзарды тазалады.
Әлеуметтік, коммерциялық және қоғамдық маңызы бар нысандардың аумағына ерекше көңіл бөлінді. 131 әлеуметтік нысан ретке келтіріліп, 1 563 бизнес және өнеркәсіп нысанының аумағы, сондай-ақ 27 тарихи-мәдени ескерткіш тазаланды.
Коммуналдық қызметтер қалалық инфрақұрылымды санитарлық тазарту және абаттандыру жұмысын жүргізді. Атап айтқанда, 155 аялдама павильоны және шамамен 2 750 метр жол қоршауы жуылды.
Акцияның негізгі бағыттарының бірі қаланы көгалдандыру болды. Елорда аудандарының әртүрлі аумағында ағаш отырғызылып, жасыл аймақтар абаттандырылды. Бір күн ішінде Астанада барлығы 2,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Жалпы қалалық экологиялық акция қорытындысы бойынша 300 тоннаға жуық қалдық жиналып, шығарылды.
Экологиялық іс-шаралар елорданың барлық ауданында жалғасып жатқан «Таза Қазақстан» күзгі айлығы аясында өтіп жатыр.
Оның мақсаты – қала аумақтарының тазалығы мен тәртібін сақтау, оларды абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ тұрғындарды, ұйымдарды, ПИК пен МИБ-ті қалалық ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға тарту.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1299266?lang=ru

Жауап қалдыру