«Атырау Жарық» ЖШС-нің Жылыой аудандық электр станциясының жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы С.Төлегенов Жылыой ауданы Құлсары  қаласында «Атырау Жарық» ЖШС-нің Жылыой АЭС-нің жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Комиссия мүшелері тергеп-тексеру кезінде жазатайым оқиғаның мән-жайы, орын алу себебі, оқиға орны мен жұмыс берушінің құжаттарын зерделеп, оқиға куәларынан түсініктеме мен сауалнамалар алды.

Қазіргі таңда, орын алған жазатайым оқиға бойынша комиссия мүшелерімен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, тергеп-тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасы талаптары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарына жауап беріліп, жұмыскерлердің еңбек міндеттерін атқарған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау туралы түсіндірме жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1298880?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді