
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Аршалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында А. Анюхинаның төрайымдылығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында медициналық қызметтердің қолжетімділігі, білім беру сапасын арттыру және білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, ауданішілік әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарына тарифті келісу, сондай-ақ жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім жасасу мәселелері қаралды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1299087?lang=ru

Жауап қалдыру