Елге оралған Ергашевтер отбасы Екібастұзда жаңа өмірге қадам басты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
🇰🇿 Елге оралған Ергашевтер отбасы Екібастұзда жаңа өмірге қадам басты
Туған елге оралып, жаңа өмір бастау Ергашевтер отбасы үшін маңызды қадам болды. Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған қандастар бүгінде Екібастұз қаласында еңбек етіп, бала тәрбиелеп, болашаққа жоспар құрып келеді.
Ергашевтер отбасы Өзбекстанның Науаи облысы Кенимех ауданынан Қазақстанға көшіп келген. Елге оралғаннан кейін қажетті рәсімдерден өтіп, 10 тамызда ресми түрде «қандас» мәртебесін алды.
Отбасы жаңа қоныста еңбекке белсене кірісті. Отағасы Тимур Ергашевтың арнайы орта білімі бар, техник-механик мамандығын алған. Қазір Екібастұз қаласында аспаз болып тұрақты жұмыс істейді. Ал жұбайы Бибихадиша Жумабаева №18 жалпы білім беретін мектепте география пәнінен сабақ береді.
Отбасының кішкентай мүшесі Алижан да жаңа ортаға тез бейімделіп, балабақшаға барып жүр. Осылайша Екібастұз отбасы үшін жаңа мекен ғана емес, еңбек етіп, бала тәрбиелеп, болашаққа жоспар құратын тұрақты ортаға айналды.
Ергашевтер отбасының оқиғасы – Қазақстанға оралған қандастардың жаңа ортаға бейімделіп, еңбек етуіне және өз болашағын қалыптастыруына жасалған мүмкіндіктердің бір мысалы. Бүгінде отбасы мүшелері тұрақты жұмыспен қамтылып, Екібастұздағы өмірге бейімделіп келеді.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1298777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді