
Іс-шара барысында Алматы облысында халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері таныстырылды.
Салтанатты шара облыс әкімі Шыңғыс Сайранұлы Әріновтің құттықтау сөзімен басталды. Іс-шара аясында еңбек адамдары, сондай-ақ «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өз кәсібін дамытып отырған мемлекеттік грант иегерлерінің көрмесі өткізілді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1298675?lang=ru

Жауап қалдыру