
Шардара ауданында кәсіпкерлер, инвесторлар және шаруа қожалықтарының өкілдерімен «Инвест керуен» кездесуі өтеді.
Кездесудің мақсаты – кәсіпкерлердің ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін ашық талқылау, оларды қолданыстағы заңнама шеңберінде қарау және нақты шешу жолдарын айқындау.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов, аудан прокуроры Алмас Ермекұлы, қала және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысады.
Кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік органдардың заң талаптарын сақтау және туындаған мәселелерді құзырет шегінде шешу – кездесудің негізгі бағыттары.
Кәсіпкерлерді, инвесторларды және шаруа қожалықтарының өкілдерін кездесуге қатысып, өз мәселелері мен ұсыныстарын ашық айтуға шақырамыз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1298769?lang=ru

Жауап қалдыру